К Дню знаний 1 сентября

1 қыркүйек Білім күніне орай,  «№2 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатында» ұстаздар қауымы, оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен салтанатты жиын ұйымдастырылды. «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атауымен өткізілген дәстүрлі мерекемізде оқушылар өз өнерлерін паш етіп, көрермендерге ыстық ықыласын білдірді.

Жаңа оқу жылында лицейімізде кәсіби қызметін бастағалы отырған жас мамандар, жаңа педагог кадрлері таныстырылды.

Қабылдау емтиханында бағын сынап, озық нәтиже көрсетіп лицей табалдырығын аттаған 7-сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылды. Қоңырау соғу салтанаты 11 «Б» сынып оқушысы Досжанова Аружан мен 7-сынып оқушысы Нұрланқызы Ағилаға бұйырды.

Аталмыш мереке аясында сыныптарда Жалпыреспубликалық патриотизм мен азаматтылық сабағы өткізілді. Тәрбие сағаттары мен жиында 2019 жылдың Жастар жылы деп жариялануы ерекше аталып өтілді.