Жыл басы — Наурыз мерекесі Сарыарқа жерінде кең көлемде тойлануда.

Бүгін облыс әкімі Ерлан Жақанұлы орталық саябақта Наурыз мерекесінің негізгі шараларына қатысып, барша Қарағандылықтарды Ұлыстың ұлы күні қазақтың Жаңа жылы Наурыз мерекесімен құттықтады. Орталық саябақтағы көлдің жағасына тігілген киіз үйлерде салт-дәстүр жаңғыртылып, қолөнер шеберлерінің көрмелері ұйымдастырылды. Ат басын облыстық Білім басқармасының қара үйіне бұрған облыс әкімі Назарбаев зияткерлік мектептерінің іс – тәжірибесін таратудағы облыс мектептерінің жасаған шараларымен танысып, облыстық мамандандырылған «Дарын» мектебінің ұйымдастырған бесікке салу рәмін тамашалады. Сонымен бірге киіз үйде Нұрмақов мектебінің оқушылары облыстық мамандандырылған мектептердегі салт – дәстүрімізді, мәдениетімізді паш ететін қазіргі заманауи құрылғылармен жабдықталған шеберханаларда оқушылардың өздері жасаған 40 тан астам түрлі қол өнер бұйымдарымен таныстырды. Өңір басшысы Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, жасалған жұмыстарға оң бағасын беріп жылы лебізін білдірді.