Біз жайлы

Қарағанды облысы білім басқармасының «№2 БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» қыздар лицей-интернаты КММ

“БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицейлерінің басты ұстанымы – жалпы республика көлемінде сапалы білім мен тәрбие беруде айтулы білім мекемелерінің бірі болу.
“БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” Халықаралық қоғамдық қорының басты мақсаты – білімді, көп тілді меңгерген, өз елінің ертеңі үшін болашақта бәсекеге қабілетті, Отансүйгіш, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, өз ұлтының құндылықтарын бойына сіңірген жас ұрпақты тәрбиелеп шығару.

  • Қарағанды облысының білім басқармасының 2010 жылғы 03 қарашадағы  №667 «Қарағанды қазақ-түрік лицейінің қыздар бөлімшесін ашу туралы»  бұйрығына сәйкес 2010 жылдың 22 қарашасынан ҚТЛ-дің қыздар бөлімшесі оқу-тәрбие үрдісін 53 оқушы 2 сынып комплект  (7 – сыныптар) негізінде  Н.Нұрмақов атындағы облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың базасында бастады.
  • Қарағанды облысының әкімдігінің 2013 жылдың 03 қыркүйегінде №55/04 «Қарағанды облысы білім басқармасының «№2 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернатын» құру туралы қаулысы негізінде  қазақ-түрік лицейлер қатарына қабылданды. 2013 жылдың 16 қазанында Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы №5199-1930-01-КГУ анықтамасы бойынша  Қарағанды облысы білім басқармасының «№2 дарынды балаларға арналған облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  ретінде тіркелді.
  • Қарағанды облысы әкімдігінің 2014 жылдың 27 қаңтарда № 04/06 қаулысымен Қарағанды облысы білім басқармасының « № 2 Қазақ-түрік лицей-интарнаты» КММ – сі болып бекітілді.
  • Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылдың 10 наурызында 06/05 қаулысымен Қарағанды облысы білім басқармасының «№ 2 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ-сі болып қайта өзгерді.