“Наурыз” мерекесі

21-сәуір күні лицейімізде “Наурыз” мерекесі аталып өтті. Әр сынып белгілі бір ауыл алып, киіз үй құрып, өз ауылдарын әділ қазылар мүшесіне таныстырды. Іс-шараға мұғалімдер мен оқушылардан бөлек ата-аналар да белсенді қатысты. Әр сынып қазақтың салт-дәстүрлерін және өз өнерлерін көрсетті. Киіз үй жабдықтау мен өнер көрсетуден
*Бас жүлдені 7А сыныбы жеңіп алды.
*1-орынды 7Б сыныбы,
*2-орынды 7С сыныбы иемденсе,
*3-орын 8А сыныбына бұйырды.
10А сыныбы “Беташар” салтын көрсетіп “Ең үздік салт-дәстүр”, 9А сыныбы “Үздік киіз үй” номинацияларын жеңіп алды.
Мереке өте қызықты әрі пайдалы болып өтті. Қазақтың салт-дәстүрлерін жаңа қырын, білмеген сырларын үйрендік.