Директор блогы

Мен сіздерді №2 “Білім-инновация” қыздар лицей-интернатының ресми сайтының беттерінде қарсы алуға қуаныштыным!

Қазіргі ғасырдың негізгі талабы – білімді, әлемдік деңгейге шығуға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.Тұлға тәрбиелеу – ұстаздар мен ата-ананың басты міндеті. Бүгінде жан-жақты білім аламын деген жастарға мемлекет барынша жағдай жасап отыр. Кез- келген ата-ана өз баласының бірнеше тілді меңгеріп, болашақта білікті маман болғанын қалайды. Ал мұндай жетістікке жетер жолдың бастауы – мектеп, сол мектепте берілген білім жеткіншектің бар тірлігінің қайнар бастауы болып табылады. Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Қазіргі заман – ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім

2018-2019 оқу жылында 204 оқушы (7-11 сыныптар) білім алады. Оқыту бір ауысымда жүргізіледі. Педагогикалық ұжымды 23 адам құрайды. Оның ішінде жоғары санатты — 4, бірінші – 5, екінші – 7 адам.

Лицей-интернатта 1- ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, 1 — «Ы.Алтынсарин» төс белгісінің иегері,

9 — магистр бар.
Лицей-интернат ұстаздары Қарағанды облысының білім беру кеңістігіне белсене қатысады: ОӘО базасында Қарағанды қаласы мектептерінің оқушылары мен мұғалімдеріне ағылшын тілін үйрету курстарын ұйымдастырады, облыс мектептері арасында жыл сайын «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізеді, ауыл мектептерінің басшылары, мұғалімдері және оқушылары үшін семинарлар, тіл үйрету курстарын ұйымдастырып, ата-аналармен және оқушылармен жұмыста «Edupage» электрондық журналын қолдану тәжірибесімен бөліседі. Оқушылардың білім жолындағы жетістіктері үшін көптеген облыстық,республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстарға білім додаларына дайындайды,сонымен қатар спорт мен өнер жолындағы оқушыларымыз үшін қосымша үйірмелер жасалады.

Болашақ бүгіннен басталатыны анық. Олай болса, егеменді ел келешегін дарынды балаларға арналған №2 «Білім-инновация» қыздар  лицей-интернатымен бірге қарсы алайық.

Біз үшін Сіздердің ұсыныс-пікірлеріңіз бен сұрақтарыңыз өте маңызды.

Құрметпен, Пирмаганбетова Гүлзира Султановна